Жаны жомарт жастардың жақсылығы

Тонның ішкі бауындай топтасып жүретін Индер ауданы Бөдене ауылының жастары жақында қайырымдылық іске мұрындық болып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға жәрдем берді.

Нақтырақ айтсақ, өткен аптада ауылдың 1989-1997 жылы туған жастары аралығындағы бір топ құрам жалғызбасты Нұрзипа Бердиева есімді ананың баспанасының шатырын ауыстырды. Ескіріп, тозығы жеткен, әр жерінен бір жарылған шатырды отбасы мүшелері өздерінің хал-жағдайына қарай жамап қойғанымен, ол да көпке бармайды екен. Себебі отбасында тағдыр тауқыметін тартқан үш мүгедек қызы және жалғыз ұлы бар. Ал жолдасы Ясин Мұхамбетжанов өмірден ерте кеткен.

Тек, үкіметтің зейнетақысы мен жәрдемақысымен күнелтіп отырған отбасы кенеттен осын-дай бір жақсы іске кенелді. Осылайша, «Бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарған» жастар 1976 жылы салынған үйдің шатыры мен ағаштарын ауыстырып, қайырымдылық іс жасады. Сондай-ақ бұл күні ауылдың ерікті жастары да ардагер-ұстаз Мәриям Есқазиеваның да баспанасының шатырын заман талабына сай ауыстырып, апайдың алғысын арқалады.

Міне, ауылдың жаны жомарт жастары, өздері демеушілік жасап, күннің аптап ыстығына қарамай, жақсылық жасап, «Бір-біріне болсын» деп жүретін оларға ауыл тұрғындарының ризашылығы зор.

Диас АЙБАР

Бөдене ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521