Жаназадан басқа діни рәсімдегі садақалар өтпейді

 Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласында «Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер» деген екен.

Бірдің оңды түсінігінен басталып, мыңнан, тіпті миллионнан қолдау табуы тиіс осы сақтандыру жұмыстарына қатысты және қауіпті індеттен өмірден өткендердің бірі «оны жаназа кезінде жұқтырыпты» деген сөзге байланысты біз «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиевқа хабарласып, пікірін білген едік.

-Бисмиллаһир - рахманир - рахим. Жаназа намазы – пенденің дүниедегі соңғы ақысы. Жаназасын шығару мұсылмандар үшін парыз кифая. Өліге құрмет көрсету, арулап аттандыру – шариғат талап еткен іс. Өкінішке орай, осы жаназа және жерлеу мәселелері бұрыннан да түрлі түсінбестіктер туындап, көп дау тудырып жүрген өзекті тақырыптардың бірі болатын.

Міне, енді індет кезінде де бұл ерекше сақтықты, ол үшін тиісті заңдылықтар талаптарын аяқ асты етпеудің қажеттігі өте маңызды болып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан жөн-жосығын көрсетілген тиісті нұсқаулықтар уақтылы қолымызға тиіп, өз тарапымыздан онымен әр елді мекендердегі имамдарды таныстырдық. Атырау облысының бас имамы А. Ұтысханұлының 2020 жылғы 27 наурыздағы хатымен төтенше жағдай жариялануына байланысты ҚМДБ-ның пәтуасы бойынша діни рәсімдердегі садақалар, нақты айтқанда үші, жетісі, қырқы, жылдығы және еске алу шараларын өткізу тоқтатылды.

Осыған орай мешіт қызметкерлерінің діни рәсімдерге және садақаларға бармауы керектігі қаперге берілді. Негізі жаназаға тек туыстарының қатысуы, жаназа шығарылғаннан кейін көп кідірмей тарқауы қажеттігі де ескертіліп, тиісінше талаптар, уағыздар бойынша түсінік жұмыстары жүру үстінде, - дейді бас имам.

Тазалық пен имандылық-егіз ұғым. «Жақсы сөз жарым-ырыс» деген аталы сөздің қадірін біліп, жақсылыққа ұмтылсақ, сындарлы сәтте қайта қиналғанға көмекке қолымызды созып, қайырымдылық жасағанымыз жөн болмақ.

Тағы бір ескерер жәйт, әлмисақтан мұсылман қауым өлген кісіні жерлегеннен кейін ешқайда соқпай, бірден өз үйлеріне қайтып келіп, дәретін алатын, киген киімдерін қағып-сілкіп тазаланатын-ды. Бұл екінші жағынан, түрлі індеттен сақтанумен үндесетін игі қадам екенін естен шығармалық. Сонда ғана өзге жерлердегідей садақаға барып, індеп жұқтырыпты дегеннен аулақ жүресіздер.

Қасиетті Шағбан айында ниетімізді түзеп, нәпіл ораза ұстап, мүмкіндігінше тазаланып, дұға жасап өзімізді қорғайық.

Құран оқып, жұқпалы індетке шалдыққан жандарға Алладан шипа тілейік.

С.ХАЛЫҚОВ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика