Жаңа Заңның жаңалығы қандай?

Жұма күні аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен аудандық кітапханада «Жаңа заң, жаңа өріс, жаңа бастама» атты кездесу өтті.

Кездесуге аудан прокурорының орынбасары Тулеуов Дулат Біржанұлы, адам құқықтары жөніндегі орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Төлегенова Сәуле Баянғалиқызы шақырылып, жаңа заң шеңберінде түсінік берді.

Мақсат – әйелдер қауымына жақында ғана күшіне енген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Заңды түсіндіру, пікір алмасу.

– Заң шеңберінде әр ауданда кризистік орталық ашу жоспарланып отыр. Әрине, бұл қуантарлық жайт емес. Бұрын балаларға қатысты қылмыстарда (педофилия, зорлық-зомбылық, өлтіру, т.с.с) жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру тағайындалса, жаңа Заң бойынша өмір бойынша бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Әр адам заңды, өзінің құқықтарын білуі қажет, - деді Сәуле Төлегенова.

Шараға аудандық комиссия мүшелері, аудандық полицияның тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы, білім мекемелерінен ұстаздар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатынасып, сұрақтар қойып, сала маманынан заң тұрғысында жауабын алды.

Ж.НАРИМАНОВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521