UTEBAYEV UNIVERSITY—де «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүйелі түрде ұйымдастырылған бірқатар профилактикалық және ақпараттық іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Жастар және заң үстемдігі» тақырыбында облыстық форум өтті.
Іс-шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен өңірдегі колледждердің студенттері, оқытушылар құрамы белсенді түрде қатысты. Форумның бірінші бөлімінде медиатр Жанат Асабаева, заңгер Бауыржан Балмағанбетов, психолог Марта Саудабаевалар баяндама жасап, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұлғалық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне тоқталды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң үстемдігінің қоғамдағы маңызын түсіндірді. Студенттер қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Форум аясында «Safi Quiz» интеллектуалды ойыны өткізіліп, облыстық деңгейдегі тартысты әрі танымдық сайысқа ұласты. Сайыс барысында қатысушылардың құқықтық білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдау дағдылары мен командалық жұмысы жоғары бағаланды. Интеллектуалды ойын жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал етті. «Safi Quiz»-дің қорытындысы бойынша Мұнай-газ факультеті, «Болашақ» командасы және Энергетика және құрылыс колледжінің командалары үздіктер қатарынан көрінді.


