Жаңыл әже шашуын шашты

Ата салтымызда шашу рәсімі қуаныш пен жақсылықтың белгісі саналатыны белгілі.

Бүгінгі Индер ауданы орталығында орналасқан ✓110 сайлау учаскесінде Жаңыл әженің шашу шашқанына куә болдық. Кент тұрғыны, медицина саласының ардагері Жаңыл Елеубаева референдумға мерекелік көңіл күйде келді.

Келе сала әже тәттіге толы шашуын шашып, ақ тілегін арнады.

— Еліміз тыныш, ырысы мол болсын деп шашу шашуды ырым қыламын. Жас ұрпақтың болашағы жарқын боларына сенемін, —дейді Жаңыл Елеубаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT