Жақсы бастама, жоғары нәтиже күтеміз

Еліміздің тарихында ауыл тұрғындарына жергілікті әкімді сайлау мүмкіншілігі алғаш рет беріліп отыр.

Әрине, жаңа сайланатын ауыл әкімінен жақсы бастама, жоғары нәтиже күтеміз. Өздерінің сайлауалды бағдарламаларын тиісті дәрежеде орындауы тиіс деп білеміз.

Бүгінде ауылымызға теп-тегіс асфальт жол түсті. Ауыз су, жазғы су сынды инфрақұрылыммен қамтуда пәлендей мәселе жоқ. Жасыл желегі көп біздің Көктоғай ауылының бір жақсысы көшеде шаң болмайды. Былтыр шөп жағы қиындау еді.

Биыл жауын-шашынды болып, шөп жақсы шығып шаруашылығымызға ыңғайлы болды. Бүгін ертемен ауылдың мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп таңдауымды жасадым. Учаскеде сайлаушыларға алаңсыз дауыс беруіне бар жағдай жасалыпты. Дауыс беруге келіп жатқан ауылдың адамдары да көп екен. Дауыс беруді әрқашан өзімнің азаматтық парызым санаймын.

Отарбай Бисенғалиев,

Көктоғай ауылы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT