- Ауданда мал және егінмен айналысып отырған шаруа қожалықтар суды тиімді пайдалану жолдарына көшуде. Бұрынғыдай арықпен суаратындар азайып, тамшылатып суару технологиясына көшкендер көбеюде. Сонымен қатар жаңбырлатып суару технологиясын пайдалана бастағандар да бар.
- Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Тоғайбай Салахиденовтен білгеніміздей, бұл өте тиімді тәсіл. Былтыр ауданда «Асыл Агро» шаруа қожалығы Түркияның «Афко» компаниясына тапсырыс беру арқылы тамшылатып суару технологиясын алған. Мал өсірумен қатар егін шаруашылығымен айналысатын олар 80 гектар жерге мал азығын дайындауда. Биыл Есболдағы Рашид Еспусинов пен Бөденедегі Әділет Гумаровтың шаруа қожалығы осындай түркиялық жаңбырлатып суару технологиясына қол жеткізген. Олар әрқайсысы 17гектар жеріне мал азығы люцерн егуге пайдалануда екен.
- Шаруа қожалықтар шетелдік
- қондырғылардың қыр-сырын үйреніп тиімді пайдалануда. Әрі оның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. «Асыл Агро» шаруақожалығы былтыр субсидиясын алса, биылға алған екі шаруашылық та субсидияға құжаттарын тапсырды. Әрқайсысы 12 млн теңге болатын жаңа технологиялық қондырғының 50 пайызын кейін қайтарып алатын болады.
- Сонымен қатар басқа да шаруа
- қожалықтары тарапынан осындай жаңбырлатып суару технологиясына қызығушылығын білдіріп, сұраныс беріп жатқандар бар.
- Ал шаруа қожалықтардың каналдардан пайдаланған судың
- төлемақысының да 15 пайызын ғана өздері төлейді. Қалғаны субсидияланады, - дейді салалық бөлімнің басшысы Тоғайбай Салахиденов сөзге тартқанымызда.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ