ЖАҢА ӨНІМ НАРЫҚҚА ЖОЛ ТАРТТЫ

суреттер автордікі

Индер тұз көлінің басында «Inderuzcompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңадан заманауи зауыты іске қосылып, йодталған жоғары сұрыпты ас тұзын шығара бастады. Зауыттың жаңа өнімін жылына 100 мың тонна өңдеп шығаратын қуаты бар екен.

img_7400

Жаңа зауытқа жолымыз түскенде тұз көлінен қазылып, тасылып әкелінген тұз зауыттың ішінде жуылып, әрі уатылудың түрлі процестерінен өтетініне көз жеткіздік. Соңында ас тұзын тапсырысқа қарай тұтынушыларға ыңғайлы етіп бір килограмдық пакетпен де, 30 келілік қапшықпен де шығарып отыр. Цехтағы атқарылып отырған жұмыстардың бәрі автоматты басқарылады. Пакетте ас тұзының Индерде өндірілгенін, құрамын, сақтау шарттарын, жарамдылық мерзімін, өндірілген және қапталған күні сынды сипатамасын мемлекеттік және орыс, қырғыз тілдерінде айқын жазылған.

Зауыттың лабораториялық цехында бақылаушы лаборант, жергілікті маман Зейнеп Темірғалиева тұздың құрамын күнделікті бақылып отырғандығын көрсетті.

img_7364

-Жергілікті халқымыз ежелден пайдаланып келе жатқан Индер тұзының сапасы жоғары ғой. Егер, массалық құрамы 85%-дан жоғары болса, сапалы тұз болып есептелсе, біздің тұзда 98,5% дейін құрайды. Ешқандай артық иісі жоқ, таза өнім. Зауытта тұздың түйіршігі 0-ден 3 мм дейін түрлі дәрежеде ұсақталып, дайындалып отыр,- дейді ол.

Зауыт басшысы Бекнұр Бегімовті сөзге тартқанымызда, биылғы қараша айынан бастап зауыттан шығарылған йодталған ас тұзы қазірдің өзінде Атырау облысынан бастап, Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіле бастағанын қаперге берді. -Жұмысымызды жаңадан бастағанымызбен, жаңа өнімдерімізге сұраныс көбеюде. Алдағы уақытта өнімдерімізді шетелге шығару жоспарланып отыр. Рас, әзірге зауыт толық қуатында жұмыс жасап тұрған жоқ. Қазір зауытта барлығы 13 адам еңбек етуде, бәрі де жергілікті индерлік азаматтар. Өнім көлеміне қарай алдағы уақытта қосымша жұмысшылармен қамту жоспарланып отыр, - деді ол.

Ендеше, Индер байлығын заманауи деңгейде өндіре бастаған кәсіпорынның жұмысына біз де сәттілік тілейміз.

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521