ЖҰМЫСҚА ЗАҢСЫЗ "ЖЕГІЛІП" ЖҮР

Өрлік ауылдық округі бойынша жыл басынан бері 53 отбасыға 24 585 072 теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, осы отбасылардағы жұмысқа қабілетті 8 адам жұмысқа орналастырылды, тағы 15 адамды жұмысқа тарту жоспарланыпты.

Өткен төрт айда аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп 64 тұрғын хабарласса, оның 53-нің екі қолына бір күрек табылыпты. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілер арасында түсінік жұмыстары жүргізілген. Округ бойынша 90 шағын бизнес субъектісі бар.

Алайда округ әкімі С.Сисатов: - Бұл жерде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшыларына еңбек етіп жүрген адамдармен еңбек шартын жасасып, міндетті төлемақыларын уақтылы жеке есеп-шоттарына аударып отыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанмен, жұмыс берушілер түрлі себептерді алға тартып, еңбекақыларымен қолма-қол есептесуді тоқтатпай отыр, - деп еңбекшілердің жұмысқа заңсыз «жегілуі» жөнінде ақпаратты беріп өтті.

"Дендер"-Ақпарат

Сурет: Ашық дереккөзден.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT