Жұмыла кіріссек, жеңетін кесел

Сурет еgov.kz сайтынан

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Олар өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерді тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
 Дегенмен, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Ол үшін аталған дертке қарсы жұмыла әрекет етуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. Біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Жемқорлықты жоюды мақсат еткен кіріс басқармасы да жемқорлықпен күресте заң талаптарының орындалуына мүдделілік танытады.

 Ж.Ахмет,
аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT