Заңсыз таксилер жауапқа тартылуда

Индер ауданы орталығында  такси қызметімен заңсыз айналысып жүрген жүргізушілерді  анықтауға бағытталған рейд өтуде.

Кент  көшелерінде жүйткіп жүрген таксилердің қызметіне көбіміз жүгінеміз.  Алайда соңғы күндері тұрғындар тарапынан кентішілік такси бағасының өскеніне, әрі шеткі мөлтек аудандарға апара бермейтіндіктеріне  наразылықтарын білдіруде.  Әрі  таксишілердің көбі патентсіз жүретіндігін назарға салуда.

Осы орайда Индербор кент әкімшілігі, аудандық полиция бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының және редакцияның бірлескен рейд өтуде. Рейд кезінде ешқандай заң талабына сәйкес патенті болмаса да арнайы такси белгісін қондырып  жолаушыларды тасымалдап  жүрген жүргізушілер кездесті.  Сондай-ақ көлік жуатын шүберектің сары қорабын қойып  та жолаушы тасымалдайтын  жүргізушілерде бар. Олардың да көбі патентсіз болып шықты. Такси қызметін заңсыз атқарып жүрген жүргізушілерге  құқықтық сала қызметкерлері тиісті әкімшілік шарасын алды. Куә болғанымыздай патентпен такси болып жүргендердің көбі зейнеткерлік демалыстағы жандар екен.

-Такси болуға ниет еткен жүргізушілер   аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына  келіп немесе E-salyk business мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеле алады. Такси жүргізушілері бойынша арнайы салық режимі бар. Қазіргі талаптарға сай ол дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы 1% салық төлеуі тиіс, - дейді аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Нұрбол Болатов сөзге тартқанымызда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521