Заңсыз табыс тапқандар жазаланады

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен месенджерлерде «Қазандық» немесе «Қара касса» ойынына шақырулар тарауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Смс-хабарламадан келіп тұрғандай, ойынның мәні белгілі бір ақша сомасын енгізу және басқа адамдарды өзімен бірге әкелу болып табылады. Демек, ақша тұрақты түрде жаңа қатысушыларды тарту есебінен ғана түседі. Қатысушы қаражат жинап, жаңа адамдарды тартады. Мүмкін жоғары тұрғандар шынымен табыс табады. Ал пирамиданың төменгі жағы ештеңе алмайды, олар тек пирамиданың жоғары сатысында тұрғандарға өз ақшасын сеніп тапсырды. Осылайша, осы схеманы ұйымдастырушылардың іс-әрекетінде қаржылық пирамиданың белгілері – табыс алудың алаяқтық схемасы көрінеді.

Біріншіден, жоғары табыстылық, жылдам байыту, жылдам пайда алу уәделері нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары.

Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялардың болмауы, ал қаржы нарықтарындағы қызмет міндетті мемлекеттік лицензиялауға жатады.

Үшіншіден, нақты инвестициялық қызмет болмағанына қарамастан агрессивті жарнама. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен басшыларына қатысты ҚК-нің 217-бабы (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Прокуратура органдары елорда тұрғындарына заң тұрғысынан күмәнді жолмен табыс табудан бас тартуды ұсынады.

24.kz сайтынан

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика