Заңсыз балық аулаған 12 тұрғынға айыппұл салынды

Балықтың уылдырық шашу маусымы басталысымен елімізде балық аулауға уақытша тыйым салынды. Осы орайда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Индер инспекциясы басшысы Тұрар Шайдуллин аудан көлемінде 1 сәуір мен 1 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынғандығын атап өтті.

Бұған Жайық өзенімен қатар Бағырлай, Қарасу секілді аудан көлеміндегі барлық өзен мен көлдер қамтылған. -Тыйым салынған мезгілде әлдекім балық аулап ұсталса, жауапқа тарту балықтың түрі мен салмағына қарай өсе береді. Егер қарабалықтың өзімен 167 келіге дейін әкімшілік жауапкершілік қаралса, одан асса қылмыстық іс қозғалады. Сондай-ақ жағада қармақпен ұсталса да жауапқа тартылады, - деді инспекция басшысы Т.Шайдуллин.

Атап өтерлігі, қарабалықтың шағын қармағымен-ақ балық ауласа 10 айлық есептік көрсеткіш, ал ау сынды балықты жаппай аулайтын құралдармен ұсталса айыппұлдың мөлшері 20-40 аралығында АЕК қаралған екен. Егерде айыппұл 7 күн ішінде төленсе 50 пайыздық жеңілдігі бар.

Ал жылдың ішінде екі қайтара тәртіп бұзылса жауапкершілік те екі еселенетін көрінеді.

Мамандардың айтуынша, осы тыйым салынған екі апта ішінде 12 аудан тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылып, 9-ы  13 890 теңге көлемінде айыппұлын өтеген.

Сонымен қатар инспекция басшысы қазіргідей короновирустың карантині мезгілінде тұрғындардың топтасып жүруіне және жағадағы тоғай ішінде демалуынаа да тыйым салынатындығын атап өтті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT