10 қыркүйектен бастап ел көлемінде «Бекіре-2018» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Қазан айының соңына дейін өтетін шара кезінде Жайық-Каспий бассейнінде балық қорларын қорғау бойынша табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-шарасы өткізілмек. Демек, осы аралықта, яғни балықтардың уылдырық шашу кезінде балықты аулауға тыйым салынады. Бұл жөнінде аудандық ІІБ ЖПҚ УПИ тобының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі аға инспекторы, полиция майорыТілекші Маратқызы:
- Профилактикалық шараның негізгі мақсаты - заңсыз балық аулау, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерімен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, алдын алу, жолын кесу. Сондай-ақ, балық өнімдерін заңсыз шығару, тасымалдау, сатып алу, сату және өткізу фактілерін анықтау және болдырмау мақсатында автожолдарда, вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар поездарына сүйемелдеу бағыттарында, базарларда бақылау күшейтіледі, - дейді.
Өз тілшіміз.
,