Жақында Индер ауданының әкімдігінің «Telegram» чат-каналында Айнур есімді кент тұрғыны «Барлаушы 4 учаскелікте мусор шашылып, үйімізге ұшып жатыр, жиналса жақсы болар еді», деп өзінің пікірін білдірген еді.
Сол уақытта Индербор кентінде тазалық жұмыстарымен айналысатын «ЖасылАймақ»ar» ЖШС арнайы техникаларымен барып, шашылып жатқан күл-қоқыстарды тазартып, 2 КамАЗ қоқыс шығарыпты.
Айта кетейік, бұл учаскеде ешбір қоқыс контейнерлері орнатылмағанымен, әр үй шығарған қалдықтарын өздерінің арнайы жәшіктеріне тастап, оны кестеге сай жауапты мекеме алып отыратын.
Ал бірақ жиналған қоқысты айнала тұрғындары ма, әлде бөгде адамдар қасақана төккен бе, ол жағы белгісіз. Қайткенде де қоқысты үстіне-үстіне үйіп, далаға тастау дұрыс емес. Белгілі бір орынға тиянақты жинап, арнайы көлікке тиеп жіберсе, оған не кедергі?
Редакция