Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру дерегі 38%-ға артты

2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты Департаментке түскен өтініштерді зерделей келе, 13 өтініш дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 38%-ға артты.

Сәйкесінше, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі 91%-ға азайды.

         Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

         Департаментпен түскен өтініштер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 47 тексерулер жүргізілген, нәтижесінде 1 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі сәулет және қала құрылысында (23%), жер қатынастары саласында (21%), қауіпсіздік және қорғаныс (15%), мүлік және зияткерлік меншік
құқығы
(12%), салаларында орын алған.

         Тексеру нәтижелері негізінде Департамент ұсынысымен  заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-ның 465-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты
15 әкімшілік хаттама түзілді. Нәтижесінде 536 025 теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз