Құқық бұзған ата-ананың ісі сотқа жолданды

Индер ауданында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы кезінде ювеналды полиция тобының қадағалауымен құқық бұзушылықтар анықталды.

Іс-шара кезінде 1 ата-анаға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1 бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сонымен қатар, бөлімнің "қолайсыз отбасы" есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша аралап, олардың тұрмыстық жағдайлары зерделеніп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Индер аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT