ВОЛОНТЕР БОЛ, ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОС

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қостанайда өткен Ресей-Қазақстан жастарының форумы аясында екі елдің еріктілерімен кездесу өткізіп, келер жылды республикадағы еріктілер жылы деп жариялау бастамасын, біз индерлік еріктілер де зор ықыласпен қабыл алдық.

Осыдан екі жыл бұрын ауданның бас имамы Ералы Жұбанұлының бастамасымен «Әйіп қажы» мешіті жамағатының жанынан құрылған «Индер Иман Жастары» еріктілер тобының негізгі мақсаты – қиналған жандарға қол ұшын созып, сол арқылы қайырымдылықтан алыстаған жандарға үлгі болу. Қайырымдылық жасау үшін үлкен лауазым, мәртебе, болмаса уақыт керек емес. Керегі ең бастысы – ниет. Кез келген уақытта, кез келген жерде қолыңдағы барыңмен, жылы сөзіңмен-ақ адамдарға жылу сыйлай аласың. Міне, мені осы орта – жауапкершілікке, мейірімділікке баулып, адамдарға өмірге деген құштарлық сыйлауға болатынын білдім. Жақсылықты қанша көп жасасаң, жолыңдағы сонша тосқауылдар мен кедергілер азаятынын түсіндім.

Бүгінгі таңда еріктілер тобы «Қайырымдылық етсең, қайырын көресің» атты ұранмен әртүрлі бағытта қайырымдылық жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Атап өтсек, «Мүгедекке қамқор бол» акциясы аясында арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай көмек берілсе, ал, «Үміт сыйла» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы су тасқынынан жапа шеккендерге қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, еріктілер дәстүрлі «Мектепке жол» айлығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек қолын созып келеді. Топтың төл жобасы «Қайырымды шаштараз» аясында әр айдың бір күнінде жергілікті кәсіпкерлер аз қамтылған отбасы балаларына тегін қызмет көрсетуде. «Бар жақсылық балаларға» ұранымен биылғы қыста кент бүлдіршіндеріне арнап еріктілер мұз сырғанағын тарту етті.

Орал қаласында орналасқан облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға киім-кешек, азық-түлік әперіп, саябақ пен ойын-сауық кешенінде уақыттарын көңілді өткізулеріне ықпал етті. «Көпшілікпен баспана» акциясының нәтижесінде аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен 5 балалы жалғызбасты анаға кент орталығынан 2 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Бүгінде топтағы отызға жуық ерікті өз замандастарымызға қымбат киім немесе телефонымызбен емес, игі істерімізбен үлгі болғымыз келеді.

Дәулетжан Байбақты

облыстық Дін істері басқармасы

ақпараттық талдау орталығының

аудандағы маманы, еріктілер тобының мүшесі

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика