Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада дауыс беру басталды. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вашингтонда, Нью-Йоркте және Оттавада сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру басталды. Сан-Францискодағы тағы бір учаске уақыт белдеуін ескере отырып кешірек ашылады»», - деді Шавкат Өтемісов.

Жалпы шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанында 68 учаске ашылған болатын. Оның бірнешеуінде дауыс беру аяқталды.

Тек Сан-Францискодағы бір сайлау учаскесінде дауыс беру астана уақытымен сағат 21.00-де басталады.

Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 668 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеп тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз