Үміткерлер жарсуаттықтармен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депуттаттығына үміткерлер аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева, жеке кәсіпкер - дәрігер Оңай Арыстанова, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова Жарсуат ауылында болып, сайлаушылармен кездесті.


Мәдениет өткен кездесудің алғысөзінде Анар Доспаева «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндап, партияның сауатты да жүйелі жұмысының арқасында еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерін айта келіп, денсаулық саласын қамтып өтті.


-Денсаулық сапасын арттыру үшін ауданның медициналық мекемелері дәрі-дәрмектер қорымен және ИВЛ, КТ сынды медициналық қажетті аппараттарымен қамтылды. Кешегі пандемия өршіген кезде қажеттілік туындаған орталықтандырылған оттегі жүйесі аудандық ауруханаға қондырылды. Бұл өз кезегінде науқастарды үнемі оттегімен қамтамасыз ету үшін мүмкіндік туып отыр.
Сонымен қатар орталық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жүргізіп, ауданға жетіспейтін дәрігерлердің тапшылығын шешуге жұмыстанамыз, -деген ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жай-жапсырын да толыққанды айтып өтті.

Дәрігер Оңай Арыстанова да тұрғындармен пікір алмасып, алдағы сайлау бүкіл ел үшін жаңа бастама болатынына назар аудартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары бойынша бөлінетін квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейту бұл көңіл қуантарлық жаңалық екендігін, бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін тұрғындардың қазірден бастап денсаулықтарын тексерту маңыздылығын атап өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары әрі қарай жалғасын табатындығын атап өтті.

Кездесу барысында жарсуаттық тұрғындар Л.Қапашева, Н.Тәналиева, Е.Өтекенов, тағы басқалары сауалдарын қойып, толымды жауаптарын алды.

Сонымен қатар үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындарға «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестіріп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

С.БАЗАРБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика