Әулиелер мекені

Индердегі Тұз көлінің балшығы ежелден емге шипа болса, көлдің жағасы әуелден халық пір тұтқан әулиелер мекені саналған. Үлкендердің айтуынша, ем іздегендер алдымен әулиелердің басына зиярат етіп, ниязын байлап, содан соң ғана көлдің балшығына түскен. Құрбандық шалып, тілегін тілеп әулие басына арнайы түнейтіндерде бар.

Қыз әулие құдығы

df

-Қыз әулиенің қазіргі құдығының орнында бұлақ болды. Су шамалы аққанмен тұп тұщы болатын. Біз мал бағуға шыққанда малдың қарынынан жасалған ыдысымыздағы көжеміздің үстіне салқындатып су құйып алатынбыз. Тұзға түсуге келгендер де осы бұлақтан ниязын тастап су алатын. Ал тау ішінде Қызылбұлақ, Нұрбайбұлағы сынды басқа да бұлақтардың дәмі ашқылдым болатын, - дейді Индербор тұрғыны, Қазақстанның Құрметті жолшысы Қуан Иғалиұлы.

Қыз әулие

yz-ulie

Беріштің бір адамы Қаламқас атты кішкене қызымен Мәлімқожаның басына дұға етіп түнейді. Қыз кейін үйінде тыныштық тауып отыра алмайтын болып, ақыры кісі емдейтін емші аттанады. Дендер тауының 41 тасын шашып жіберіп сөйлегенде тас аштырушының барлық құпия сырын көзімен көріп, болашағынды болжайтын болған. Ол тұрмысқа шықпастан өмірден озды деседі. Өзінің тапсыруымен Мәлім қожаның жанына қойылған. Ел атын атамай «Қыз әулие» атап кетті деседі.

Саламат Б

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT