UFC шеберімен жекпе-жек

Атырауда аралас жекпе-жектен "Mergen Fighting Championship 3" турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға еліміздің мықты жігіттерімен бірге  Қырғызстан, Әзербайжан, Ресей елдерінің сайыпқырандары  өнер көрсетті.
Кештің басты жекпе-жегінде  Қуат Хамитов пен ресейлік     Василий Бабинцевтың және            Дамир Исмағұлов пен жерлесіміз Нұрберген Шәріпов кездесуі болатын.
Аралас  жекпе-жек спорт түрінен әлемдік рейтингте UFC, яғни «Ultimate Fighting Championship» көш бастап тұрған тұжырым. «UFC-ге шығу үшін спортшының жоғары  рейтингісі  және көпке танымал, қалың жанкүйері болуы керек. Осы күнге дейін UFC-де өнер көрсеткен қазақтың саны бес саусаққа да жетпейді. Оның ішінде тұңғыш рет жеңіске жеткен Ресейдің Орынбор өлкесінен шыққан этникалық қазақ  Дамир Исмағұлов қана болатын.
Рас Дамирдің жерлесіміз Нұрбергенмен жекпе-жегі грэпплинг ережесі бойынша өтті. Грэпплинг жекпе-жегінде қарсыласына ауырту әдіс-тәсілдерінің бәрін жасауға рұхсат етіледі. Бірақ аяқ-қолмен  ұруға болмайды. Шиеленісті өткен жекпе-жек барысында жеңімпаз анықталмай, екі мықты да тең тарасты.
Айта кетейік, жерлесіміз Нұрберген Шарипов бұған дейін грэпплинг ережесі бойынша атақты Қуат Хамитовты ұтқан болатын. Ал бұл күні Қуат Хамитов Ресейден келген       Василий Бабинцевті бірінші раундта –ақ  ауырту  әдісімен жеңіске жетті.
    


Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз