Тұзды көл туризмге айналса

Индер ауданындағы Тұзды көл – ішкі туризмге сұранып тұрған мекен. Жыл сайын шіліңгір шілдеде аудан тұрғындарымен қоса, әрбір өңірден, тіпті шет елден де шипа іздеп келетін қонақтардың саны артпаса, кеміген емес. Бірақ, өкінішке орай бұл мәселенің әлі күнге шешімі табылмай келеді. Бұдан екі-үш жыл бұрын көлдің айналасына заманауи демалыс орталығының іргетасы қаланып, артынша белгісіз себептермен тоқтап қалды.
Қай өңірдің туризмі дамыса – сол жердің экономикасы да артатыны сөзсіз. Алайда оған не кедергі?
Ойымызда жүрген осы мәселені дөп басқандай Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та тілге тиек етіп, баяу жүріп жатқан бұл жұмыстарды сынға алып: 
-Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес,-деді.
Президентіміз айтқандай, уақыт оздырмай жергілікті басшылық осы мәселені қолға алып, Тұзды көліміз бар, басқа да ауданның тарихи жерлерін елге танытып, туристік орынға айналдырса, Индеріміз әлемге танылып, жеріміз көркейіп, қазынамыз молая түсер еді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT