Ұлттық экономика туралы сөз қозғалғанда басқа өзекті салалармен қатар туризмді дамыту мәселесі алдан шығатыны жасырын емес. Әлемнің біраз елі осы туризм арқылы күн көріп отыр.
Туризм саласы туралы президент Қ.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауында да сөз еткен болатын. Ал кенге бай Индер ауданында туризмге сұранып тұрған табиғат сыйы аз емес. Соның бірі – индер тұз көлі. Өкінішке орай, мұнда әлі күнге инфрақұрылым мен бизнесті өркендетуге жағдай жасала қойған жоқ. Егер осы мәселелер шешілсе, өңірдің дамуына септігін тигізіп, кәсіп пен жұмыссыздық мәселесін барынша реттеуге ықпал етер еді. Айтқандайын, қазір дәл осы көлге түсетін мезгіл келіп жетті. «Қырық күн шілдені» біздің өңірде «тұз айы» дейді.
Бұл – Индердің тұз көлінің шипалы қара балшығына түсіп, ем алатын уақыт.
Саламат БАЗАРБАЕВ
МАтериалдың жалғасын "Дендер" газетінен
оқи аласыздар