Түндігі түрулі «Түнгі кітапхана»

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ән тербеген әзіз жүрек» атты поэзия кеші өтті.

tungi-kitapkhana

«Түнгі кітапхана» шеңберінде өткен шара Ж.Нәжімеденовтың өмір жолына арналған бейнероликпен басталып, кофе-брейк, түрлі қызықты ойындар және де ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесін таныстырумен жалғасты. Кеш барысында соңғы кезде әлеуметтік желідегі мағынасыз әрі жеңіл мәліметтерге әуестенген жастарымыздың кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында «Сиқырлы сандықша», «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайыстары өткізілді. Поэзиямен шабыттанған жас ақындар ақын өлеңдерімен қатар өз арнауларын да оқыды.

moldir

Шара барысында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын, елімізге танымал «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы, Жұмекен Нәжімеденовтың 100 өлеңін талдаған жұмекентанушы Алмас Ахметбекұлы арнайы Индер аудандық орталықтандырылған кітапханасы ұжымына алғысын білдіре отырып, Ж.Нәжімеденовтың «Төбемде бұлттар жарысқан» өлеңін мәнерлеп оқып, «Туған елді осылай сүйейік, салт-дәстүрімізді осылай сүйейік, халқымызды осылай сүйейік, халқымыздың асыл қасиеттерін ардақтайық, Жұмекенді оқиық» деп жалынды видео сәлемдемесін жолдады.

audandyk-kitapkhana

zhastar-ortasy

Шара соңында Қазақстан Республикасының әнұранымен қатар ақынның «Бейбіт күн тілегі» атты әні де шырқалды. Нәтижесінде қараңғыда жарық сәулесін төккен айдың нұры іспеттес осы түн іші-сырты жарқыраған тағылым орны кітапхананың рухани қуатын тайға таңба басқандай таразылай түсті.

Тілектес ҚИБАТОЛЛА

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521