Түлектер тарту еткен баспана

 Соңғы қоңырау салтанатына орай Индер ауданына қарасты Есбол ауылының Жамбыл және Кулагино орта мектептерін 2000 жылы бітірген түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толу қуаныштарын ерекше есте қаларлық жағдайда атады.

Олар ақылдаса келе осынау даталы шарада ортақ қаржы шығарып мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен бір отбасыға баспана сатып алып беруді ұйғарыпты. Баспананы жаңа иесіне тапсыру салтанатына жиналған ауылдастары олардың бұл қадамдарына ризашылық білдірді.

s

Ауыл әкімі бастап қоғамдық ұйымдар жетекшілері қостап ауыл тарихында бірінші рет жүзеге асып отырған қуаныштың орны ерекше екенін атап өтті. Басында баспана болмай жалдамалы пәтерлерде көшіп-қонып қиындық көріп жүретін Қамашевтар отбасының ендігі жерде жанға жайлы 4 бөлмелі пәтері бар. Қиындық көріп жүрген жанұяның жағдайын ескеріп жақсылық жасаған жастардың бұл бастамасына отбасының туған-туыстары да ерекше ризашылығын білдірді.

semya

-Ауылдың 83 жылғы түлектеріне көп-көп рахмет айтамыз. Айдынның осындай жағдайда жүргенін біліп, қамқорлық жасап үй алып беріп жатырғандарына көп-көп рахмет.Осындай бала тәрбиелеген ата-аналарына, ұстаздарына рахмет айтамыз. Жиырма жыл болып отырған түлектер Айдынға жасаған жақсылықтарыңыз мың еселеніп өздеріңе қайтсын, - дейді баспаналы болған тұрғынның туысы Н.Жолмағанбетова.

Жастардың жасаған бұл игі ісі кейінгі толқынға да үлгі болып, жалғасын таба берсін дейміз.

2

Сұңқар КӨШЕКОВ,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521