16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Осыған орай, аудан прокуроры А.Сахиев Индер ауданы бойынша ауыл аймақтарға шығып, кездесу өткізіп, жұртшылыққа, Тәуелсіз елдің ұрпақтары атанып жүрген жас өрендерге әрқашан білімді, саналы болып өсіп, ұлт тұтқасын ұстар азамат болыңдар деп тілегін білдірді.