Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Серікқалиеваның айтуынша мамыр айында 704 адам жұмыс сұрап, оның 616-сы белсенді шараларға тартылыпты.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2033 адамды жұмыспен қамтудың кешенді жоспары жасақталса, күні бүгінде 679-ы белгілі бір іспен шұғылдануда. Аудан бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруға 224,654 млн теңге бөлініп, 769 адамды қамту қажет болса, бүгінде 458 тұрғын бұл істің игілігін көре бастапты. Алайда тұрғындар қызмет түрін және төленетін еңбекақыны таңдап, жұмсаған жұмысқа бармайтын көрінеді. Жыл басынан бері осындай бірнеше ұсынылған жұмысқа бармау себептерінен 28 жұмыссыз азамат жұмыссыздық есебінен шығарылған. Сондай -ақ бөлім басшысы: Сәуір айында тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жұмысқа қабілетті 20 адамға тұрақты және ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылып, одан 20 азамат бас тартқан. Енді олардың ақысы 50 пайызға, кейін 100 пайызға қысқарту жұмыстары жүруде,-дейді. Яғни жұмыс сұрайды, тазалық сынды қоғамдық қызметтерге жұмсаса бармайды. Сонда туған жеріңнің көшесін сыпыру намыс па!?
Ж.ІСІМ
Сурет ашық дереккөзден алынды