Әрине, бұл ауру Қытайдың шағын бір ауданынан тарағаны белгілі. Меніңше, бұл індеттің Ухань қаласынан таралуы себебін сол жердегі адамдардың – халықтың әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтынан іздеу керек.
Өткен ғасырдың 1960 жылдарында Қытайда туристік са-парда болған Еуропаның бір азаматының жазған жолжаз-басын оқыдым. Өкінішке орай, кітаптың аты, авторының есімі жадымда қалмапты. Сол кітапта (мүмкін Хунбивендер қозғалысы кезінде ме) жергілікті халықтың бірсыпырасы жылан, торғай, тағы басқа жәндіктерді аулап қорек еткені айқын жазылған. Ондай жағдайда қауіпті аурулар таралаты-ны айтпаса да түсінікті жай ғой. Мен үстіміздегі жылы қазақша Құран Кәрімнің екі то-мын оқыдым.
Сонда жер шарындағы аурулар оқыстан, адамдардың бейқамдығынан, білмегендіктерінен және тазалықты дұрыс сақтамағандықтан таралатынына көзім жетті. Әйтсе де, жаратушы Алла саналы тіршілік иелері деп жүрген адамдарымыздың өздері Алла жаратқан дәстүр-дағдымен жүрмей, көптеген келеңсіздік, жайсыздық туғызады екен.Қазір де бірсыпыра адамдардың пиғылы мен іс-әрекеті адамзатқа тән болмағандықтан, Алла қаһарланып, панде-мия індетін түсіргеніне мен шүбә келтірмеймін. Себебі, бұл қауіпті індет лезде жер шарының барлық бөлігіне тез әрі тегіс таралып, бірсыпыра адамдар жарық дүниемен қоштасқаннан теледидардан көріп, естіп, баспасөзден оқып отырмыз. Не деп айтуға болады? Ей, саналы адамдар, пенделік мүмкіншілікке құлдырамаңдар. Мінез-құлық әдепсіздігі сіз бен біздей саналы тіршілік иелеріне жат қылық.
Әлі де кеш емес, ниетімізді, іс-әрекетімізді түзетейік. Ұйымшылдығымыз бен ынтымағымызды, сеніміміздің беріктігін көрсетейік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатерлі індетке қарсы алып жатқан жедел шараларына қолдап, күш біріктірейік. Індетті таратпайық. Президент айтқандай, жұмысты қашықтықтан істеп, үйде болайық, көшеде топтанып жүрмейік, той-томалақты доғарайық. Сонда ғана жеңіс туы желбірейді!
Кеңес САХИ,
ауданның Құрметті азаматы