ТОЙ КӨЛІКТЕРІ ТӘРТІПТІ НЕГЕ БҰЗАДЫ

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Асқар Үмітқалиев ашып, жұмысын жүргізіп отырған кеңейтілген мәжіліске аудан әкімі Мейірім Қалауи мен бөлімдер басшылары, құқық қорғау орындарының өкілдері қатысты.

Онда аудандық полиция бөлімінің бастығы, полковник Берікқали Джанзаков «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында 2019 жылғы 6 айда атқарылған жұмыстар мен проблемалық мәселелер» тақырыбында хабарлама жасады. Атап айтқанда ауданда ауыр қылмыс 16,7 пайызға, ал жол қозғалысы ережесін бұзу, жүргізушілік куәлігінсіз жүру, қауіпсіздік белдігін тақпау, тағыда басқа 17 бабқа жатқызылған ауыр емес құқық бұзушылықтар 450 пайызға дейін жеткен. Болашақта тағыда орнатуды бөлім сұрап отырған 65 бейнабақылағыш бұл бағыттағы талаптың одан әрі өсе түсетінін айқын аңғартады. Сол секілді 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 адам қаза болып, 21-і жарақаттануы да осы көрсеткіштердің өсуіне себеп болып отыр. Жалпы жергілікті полициямен ауданда 194 маскүнем есепке алынып, бұл бағыттағы Заңның бірнеше тараулары бойынша да жүйелі жұмыстар іске асырылып келеді.

Сондай-ақ Индербордағы Д.Қонаев көшесі мен орталық саябақ маңынан стационарлық бекет орнатуды сұраған басшыға кеңес мүшесі Асқар Сатыбалдиев мал тиеген машиналарды тоқтатудың жайы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев «Атырау-Индер» тас жолы бойындағы ауыр көліктердің қозғалысы және Жарсуаттағы қирап қалған аялдама, Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов кентішілік жолдарға белгілер орнату, жылдамдықты бақылау, той машиналарының тәртіпсіздігіне тыйым салу туралы ұсыныстары мен сұрақтары қойылып, жауаптар берілді.

С.БИСЕНОВ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика