Карантиндік объектінің тұрғын блоктарына күн сайын бірінші кезекте қажетті тауарларды курьер жеткізіп отырады.
Медициналық маска жеткілікті көлемде бар, карантиннің алғашқы күндері қорғану құралдарын жұмыс беруші, сондай-ақ, «Ватернас» в/к басшылығы берді және күн сайын беріліп отырады. Вахталық кентте екі дәрігер, фельдшер және санитарлық дәрігер бар.
Байланыста болған адамдардың анализдерiн арнайы қорғану костюміндегі медициналық мекемелердің өкілдері жүргізеді.
Атырау облысының әкімдігі