Теңіз кенішінен жұмысшылар шығарылуда

Теңіз кен орнынан кадрларды демобилизациялау туралы ақпараттың пайда болуына байланысты ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ брифинг өткізді. Онда компанияда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары алынып жатқанын атап өтті.

- ТШО мердігер мекемелермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, тікелей өндірістік қызметке жұмылдырылмаған жұмысшыларды аумақтан шығаруды жүзеге асырады. Ал келесі апталарда өндіріс қарқынын біртіндеп азайтып, қызметкерлер санын қысқарту жоспарланып отыр. Бұл базалық өндіріс бөлімшелеріне де, ККЖ-ге де қатысты болады. Яғни, базалық өндірісте бүкіл құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, ККЖ-де тек маңызды жұмыс түрлері ғана жалғасады деген сөз, - деді Артығалиев.

Ол бұл шаралардың қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын және қазіргі нарық жағдайына байланысты еместігін атап өтті. Сұрақтарға жауап берген Артығалиев жұмысшыларды шығару жұмыстарының басталып кеткенін айтты. Жоспар бойынша Атырау облысының тұрғындарынан бастаған. Бұл шамамен 700 адам.

Келесі 3-4-аптада қарқынды түрде жүргізіледі. Алайда ол уақытша болса да қанша адамның жұмыссыз қалатынын және қандай мамандықтар бойынша екенін нақтыламады.

- Қызметтері уақытша тоқтатылатын мердігер мекемелерге ТШО жұмысшылардың жалақысын сақтауды ұсынды. Алайда өтемақыға қатысты кез-келген мәселе ҚР еңбек заңнамасы аясында қаралуы тиіс, - деді Артығалиев.

Ол қазіргі ахуал мұнай өндіру көлеміне әсер етпейді деп сендірді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

azh.kz сайтынан

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика