Тектілерге тәу ете келді

Қасиетті жұма күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық пен Жаңақала аудандарынан жерлесіміз бард ақын Табылдының үзеңгілес достары арнайылап келіп, ескерткішке айналған қос алыпқа дұға бағыштады.

Туған жерінің Құрметті азаматы, энергетика саласының майталманы, еңбек ардагері жаңақалалық Шайдолла Ишанғалиұлы мен ардақты ақын ақжайықтық Сағынтай Бисенғалиевты аудан әкімі Мейірім Қалауи қарсы алып, қабылдау өткізді.

a

Онда небәрі 45 жасында өмірден озған дарынды, өр тұлғаның өмір жолынан естеліктер легі ағытылды. Сонда Шайдолла досы Табылмен қалай танысқанын сөзіне арқау етсе, Сағынтай ақын келген мақсаттарын әдемі өлеңімен жеткізіп:

Балдарын байтақ елдің байқайын деп,

Тәу етіп тектілерге қайтайын деп.

Кеп тұрмыз көрші жақтан, жалпақ жұрттан, - дей кеп, ашылуында бола алмағандарын ескертіп, көркейген Индербордың қақ ортасында осындай алыптарына ескерткіш тұрғызған аудан басшысы мен халыққа алғысын білдіріп, көршілес жатқан қос ауданның сәлемін жеткізді.

s

Сондай-ақ, «Әуелі Мұрат ақынға барайық, ол тұрғанда шауып Табылға бара алмаймыз. Себебі Табылдының өзі Малайсарының мазары тұрғызылған кезде Махамбет боп сөйлеп «Малайсарыға тәу етпей маған келме деп, Махамбет жатыр іргеде қылышын сермеп» деп айтып кеткен. Сондықтан алғаш Мұратқа, сосын Табылға баруды дәстүрге айналдыруымыз керек» деген пікірін ұсынды.

Өз кезегінде Мейірім Жоламанұлы барлығы да ел игілігі үшін жасалып жатқандығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT