Тазалықтың екі айлығы басталды

"Тазалыққа - талап ортақ" демекші, аудан елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын өткізу туралы аудан әкімі М.Қалауидің қаулысы шықты. Тазалықтың екі айлығы жылдағыша 15 қыркүйек – 15 қараша аралығында өтеді.

Қаулыда тазалық жұмыстарына басшылық жасау және оларды үйлестіру жөніндегі тұрақты аудандық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне көркейту және көгалдандыру жөнінде нақты шаралар жасақтап, оны жүзеге асырумен бірге мекеме, кәсіпорын, ұйымдар, шағын және орта бизнес субъектілеріне меншік түріне қарамастан аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру тапсырылды. Тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекен аумағынан шығаруды, сондай-ақ бұзылған ғимараттың орнын мұқият тазарту қамтылған.

Сондай-ақ қоқыс алаңшаларын санитарлық талапқа сай келтіру; стихиялық сауда орындары мен автокөлік құралдарының уақытша тұрақтарына тыйым салу жөніндегі шаралар алу; тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық орындардың, ғимараттардың қасбеттері мен дәліздерін тәртіпке келтіру; көп қабатты үйлердің жертөлелерін судан тазарту және кептіру, инженерлік желілердегі ақауларды жою шараларын алу; бұралқы иттер мен мысықтарды жоюды ұйымдастыру және жүргізу; барлық елді-мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларды, билбордтарды тексеріп, оларға жөндеу жүргізу; жасыл желек егуді және оларға үнемі күтім жасауды қамтамасыз ету тапсырылып отыр.

Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына «Таза сенбі» ұранымен бекітілген аумақтарды апта сайын жинастыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы (Ш.Ержанова – келісім бойынша), аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы (А.Ербулеков – келісім бойынша) учаскелік инспекторлардың меншік иесіне қарамастан ескерту қағаздарын беру, айыппұлдар салу және елді мекендерді көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүруіне үнемі бақылау жүргізу ұсынылады. Аудандық «Дендер» қоғамдық саяси газетінің редакциясына (Ж.Амантурлин – келісім бойынша) айлықтың барысын жүйелі түрде жариялап отыру ұсынылады. Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне айлықтың жүру барысы мен қорытындылары жөнінде аудандық штабқа әр апта сайын мәліметтер түсіріп отыру тапсырылған. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Мусагалиевқа жүктелген.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика