Тазалықтың екі айлығы басталды

Аудан елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын өткізу туралы аудан әкімінің қаулысы (№168.13.9.22) шықты.
Қаулыда 15 қыркүйек – 15 қараша аралығында ауданның елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын өткізуді жариялайды. Ауданның елді мекендерінің көріктендірілуі және санитарлық жай-күйі байқауын жұмыстарына басшылық жасау және оларды үйлестіру жөніндегі тұрақты аудандық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары бекітіледі.
 Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне тиісті штаб құрып, елді мекендерді санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөнінде нақты шаралар жасақтап, оны жүзеге асыру тапсырылған. Оның ішінде  мекеме, кәсіпорындарға, ұйымдарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне меншік түріне қарамастан аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру; тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекен аумағынан шығаруды, сондай-ақ бұзылған ғимараттың орнын мұқият тазартуды қамтамасыз ету; қоқыс алаңшаларын санитарлық талапқа сай келтіру; стихиялық сауда орындары мен автокөлік құралдарының уақытша тұрақтарына тыйым салу жөніндегі шараларды алу; тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық орындардың, ғимараттардың қасбеттері мен дәліздерін тәртіпке келтіру; көп қабатты үйлердің жертөлелерін судан тазарту және кептіру, инженерлік желілердегі ақауларды жою шараларын алу; бұралқы иттер мен мысықтарды жоюды ұйымдастыру және жүргізу; барлық елді-мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларды, билбордтарды тексеріп, оларға жөндеу жүргізу; жасыл желекке үнемі күтім жасауды қамтамасыз ету тапсырылған.
Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына «Таза сенбі» ұранымен бекітілген аумақтарды апта сайын жинастыру, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (А.Қосымбаева-келісім бойынша), аудандық полиция бөлімінің бастығы (Б.Джанзаков-келісім бойынша) учаскелік инспекторлардың меншік иесіне қарамастан ескерту қағаздарын беру, айыппұлдар салу және елді мекендерді көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстарының жүруіне үнемі бақылау жүргізу ұсынылады.  
Аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясына (Ж.Амантурлин-келісім бойынша) айлықтың барысын жүйелі түрде жариялап отыру ұсынылған.
Индербор кенті және ауылдық округтердің әкімдеріне айлықтың жүру барысы мен қорытындылары жөнінде аудандық штабқа әр апта сайын мәліметтер түсіріп отыру тапсырылған. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелген.
Қоршаған ортамыздың тазалығына баршамыз да атсалысайық, ағайын!

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521