Тату елде тұрамыз

1 мамыр – еліміздегі барлық мәдениеттердің көптүрлілігі мен рухани құндылықтарды паш ететін жарқын мереке.

Барлықтарымызды этностық тегіміз бен діни сенімімізге, саяси ұстанымыз бен түрлі көзқарасымызға қарамастан, туған елімізге деген махаббат, өзара түсіністік пен құрмет, болашаққа деген жауапкершілік пен ортақ мүдделер біріктіреді. Біз ғасырлар бойы қалыптасқан халықтар достығының арқасында мемлекеттің даму тарихындағы қиын кезеңдерді бірге өткердік.

Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық келісімді сақтап, нығайтуда үлкен жұмыстар атқарып келеді.

Айталық, «Бірлік –көптүрлілікте» моделі мемлекет саясатының басты бағдарының бірі және солай болып қала береді. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Бүгінде барлығымыз бірлесіп коронавирус пандемиясымен жаппай күресудеміз. Қазақстан халқы төтенше қиындықтар мен сынақты жұмылып жеңіп шығарына күмәнім жоқ.

Ринат РАВИЛЬЕВИЧ

«Орал Епархиясының Сваято-Никольский приходы»

жергілікті православиелік діни бірлестігінің

аға діни қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521