Тәртіпке бағынбаған 47 балықшы айыппұл арқалады

Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтарды сақтап, қорын молайту үшін өткен сәуір айының 1 жұлдызы мен 30 мамыр аралығында өңірде «Бекіре-2020» акиясы жарияланған болатын.

Осы акцияның аясында Атырау облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп бірнеше рет арнайы рейд ұйымдастырып, тұрғындар арасында тиісінше түсінік жұмыстарын жүргізген. Алайда тиісті талапты сақтамаған 47 жеке тұлға ұсталып Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383 бабы бойынша тиісті хаттама толтырылып, іс аудандық сотта қаралған.

Сот шешіміне сәйкес тәртіпке бағынғысы келмеген азаматтарға айыппұлдар салынған.

 

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521