Танымал ақын Мағиза Құныпияқызы ауданымызға келді

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал ақын Мағиза Құныпияқызы ауданымызға келіп, алдымен Жарсуаттағы Мұрат Мөңкеұлы мазарына дұға оқып, Махамбет пен Индербордағы мұражай, кітапханада болып, аудандық «Дендер» газеті журналистерімен пікір алысты.

Аудандық басылымның бас редакторы Жанай Амантурлин ауданның тарихы мен экономика, әлеуметтік жай-күйі, мәдениеті, әдебиетінің тұлғалары, редакция тынысын таныстырып, соңғы кезде Мұрат Мөңкеұлы туралы жарияланған материалдарды көрсетіп табыс етті.

-Мағиза замандасымыз сөз сүлейі Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығымен тереңдей таныса келе, болашақта поэма жазу ойы бар екен. Бұл сапары да осы мақсатқа орай ұйымдастырылып отыр, – деді бізге ақынмен бірге жүрген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеміс Тілепқалиева.

Барша индерліктер атынан Асан би мен Жиембет жырау, Малайсары би, Сырым батыр, Құрманғазы, Баламайсаң күйшілер, Махамбет, Мұрат ақындар жортқан топырақтан нәр алған өр рухтың тағы бір тұлғасы Табылды Досымовтың да мазарына барып, дұға оқыған ақын қыз сапарының сәтті әрі мазмұнды болып, ойлаған ісінің орайы келуіне тілек қостық.

С.ХАЛЫҚОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика