«Талап» базарында ковидке қарсы екпе егу пункті қызмет көрсетуде

Ақпан айынан бастап Индер ауданына «Спутник V» вакцинасының 425 дозасы жеткізіліп, бүгінде ковидке қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр.

Аудандық ауруханада екпе егуге арналған арнайы 4 бөлме дайындалды.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлерлер үшін «Талап» сауда орталығында да екпе егу пункті қызмет көрсете бастады.

fb_img_1618582173326

Вакцинаның алғашқы компоненті 165 адамға, екінші компоненті 106 адамға егілді. Оның ішінде мұғалімдер, медицина және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қамтылды. Жалпы вакцинация басталғалы бері егілгендердің саны 165 адамды құрайды.

fb_img_1618582166222

Айта кетейік, өткен аптада вакцинаны аудан басшысы М.Қалауи және аудандағы мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қабылдаған болатын.

fb_img_1618582163728

fb_img_1618582181928

Вакцина ерікті түрде және вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521