Елтай ауылындағы "Қызғалдақ" балабақшасының "Құлыншақ" мектепалды даярлық тобынде "Жомарт екен - күз деген" атты күз мерекесіне арналған қашықтықтан шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, мерекелік көңіл - күй сыйлау және сахна мәдениетін үйрету.
Мерекелік кеште балалар алдымен қолдарына жапырақ ұстап, күзгі әуен ырғағымен залға билеп шығып, хормен "Қоңыр күз" әнін орындады. "Бақытты бала" әні, "Тиындар", "Аспазшылар" билері мен орыс тіліндегі айтқан тақпақтарды орындаған Аман Айбибі, Тұрар Айзере, Бейс Айсана, Саламат Елжан, Ихсан Расул, Нұралы Диас, Орынбаев Данияр сынды бір топ бүлдіршіндердің өнері сәтті шығуымен қатар, балалардың өзге тілге бейімділіктерін де байқатты.
Бүлдіршіндердің тағы да басқа "Алақай, жаңбыр жауды", "Күз сыйы", "Күзгі вальс" әндерін де нақышына келтіріп айтқаны тыңдармандарды бір еріксіз сүйсіндірді десе де артық етпес.
Балабақша - барлық білім мен тәрбиенің ең алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы бұндай шаралар жоспарлы түрде өте жиі ұйымдастырылып тұрады.
Сондықтан да бала тәрбиесінде үлкен ізденіспен еңбек етіп жүрген тәрбиешілері Роза Сағынтайқызы, Райхан Балтабайқызы, Сәуле Мұханбетқызы және Толғанай Болатқызына айтар алғысымыз шексіз.
Сағира Ахметжанқызы
"Құлыншақ" мектепалды даярлық тобының
ата-аналары және Еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз