Тұзды көл мен карьерге баруға тыйым салынады

Индер ауданына қарасты Тұзды көл және жасанды карьерлерге демалушылар саны күрт өсіп, карантин талаптары сақталмағандықтан баруға тыйым салынып, жабылатындығын хабарлайды аудан әкімшілігі.

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №1 қаулысына сәйкес, демалушылардың шамадан тыс жиналуына байланысты 28 шілдеден бастап Индер ауданының аумағындағы Тұзды көлге және жасанды карьерлерге баруға тыйым салынған болатын.

Қазіргі таңда ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр. Сондықтан да 3 тамыздан бастап аталған жерлер жабылып, аудандық полиция бөлімі мен мобильдік топ мүшелері тұрақты түрде рейд жұмыстарын жүргізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521