Тұзбұлаққа киіз үй тігілді

Шіліңгір шілде болғанда Индердің Тұз көліне алыс-жақыннан дертіне дауа іздеп, ат арытып келетін жандар көп болады.

Ниет еткені әулиелердің басына барып, құран оқып, ниязын байлайды. Көлдің балшығына түсіп, айдынына шомылады. Тұз басында биылғы ерекшелік жергілікті жеке кәсіпкер Ақмаржан Мырзағалиева екі бірдей киіз үй тігіп, халық игілігіне қызмет көрсетуде. Киіз үйдің бірі асхана ретінде пайдаланылуда. Демалуға келгендердің бірқатары шай-пайына тапсырыс беріп, арқа-жарқа болып, жер үстелдерге жайғасады.

-Жылда Индердің тұзына арнайы келіп, емімізді алып бір жасап қаламыз. Шеттен келгесін бар керек-жарағымызды жиып артынып-тартынып келетінбіз. Биыл киіз үйлер тұрғызып, мүмкіндігінше бар жағдай жасалғаны жақсы болған екен. Алдағы уақытта шипажай салынса тіпті керемет болар еді. Индердің байлығы ерен ғой, тек халық игілігіне пайдалана білсек, -дейді Атыраудан ем алуға келіп отырмыз деген меймандар.

- Асханада барлығы ақылы емес. Егер тұзға түсуге келгендер тағамын өзімен бірге алып келген болса, алысқа бармай-ақ киіз үйден тамақтануына мүмкіндік бар, - деді жеке кәсіпкер А.Мырзағалиева.

Екінші киіз үйді демалыс бөлмесі ретінде пайдаланылып отыр екен. Бір орынға сағатына 200 теңге деп белгілепті. Оның ішінде 12 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан қарияларға тегін ұйымдастырылуда.

tz142

d

Киіз үйдің орнын түрлі жәндіктерге қарсы хлормен дезинфекциялық тазалық жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шарасын алыпты. Коммуналдық мәселелері де жағдайға қарай шешілген. Генератор орнатылып, электр қуатымен қамтуға жағдай туғызылған. Ауыз суы тасымалданып отырса, ас-суға шоқ самаурын, қазан-ошақ, мангал басында бар. «Бас ауырып, балтыр сыздап қалатын» жағдай болса, кәсіпкер тарапынан алғашқы көмек мәселесі де қаралған. Сондай-ақ, тұз басына барып-келем деушілерге жеке кәсіпкер тарапынан адам басына 500 теңгеден көлік ұйымдастырылыпты.

t

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT