Тұтынушы құқығын білесізбе?

Тұтынушылардың назарына!

 

Кейде дүкеннен тауар сатып алғаннан соң, үйге жеткенде ғана сапасыз болып шыққанын байқаймыз.
Мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек? Бірінші кезекте дүкенге наразылық (шағым) жазу керек, ең бастысы дұрыс жазу керек!

Наразылықты (шағымды) қалай дұрыс жазуға болады?

Шағым әрқашан ерікті түрде жазылатынынан бастайық, бірақ бұған қарамастан ол келесілерді көрсетуі керек:
- сатып алу күні;
- өнім атауы;
- сериялық нөмірі;
- бренд;
- талап арызды жазған күні және сіздің қолыңыз.
Шағымда сіз өзіңіздің өніміңіздің нақты ақаулығын көрсетуіңіз керек және өз талаптарыңыз туралы жазуыңыз керек - өнімді айырбастағыңыз келе ме немесе оған төленген ақшаны қайтарғыңыз келе ме.
Барлығын дұрыс жазғаныңызды тексергеннен кейінекінші көшірмені жазуды бастаңыз!
Олардың біреуін өзіңізге қалдыратыныңызды, ал екіншісін дүкен әкімшісіне немесе уәкілеттіқызметкерге беретініңізді ұмытпаңыз.
Сіздің көшірмеңізде талап арыздың қабылданғанкүні және оны қабылдаған адамның қолы болуыкерек екенін ескеріңіз!
Егер дүкен сіздің шағымыңызды қабылдаудан бас тартса, сіз жақын жердегі пошта бөлімшесінехабарласып, шағымның бір данасын дүкенгетүгендеумен бірге хатпен жібере аласыз, поштажөнелтілімдерінің тізімдемесі мен пошталықтүбіртегін сақтай аласыз.
Бұл құжаттар дүкенге уақытында шағымтүсіргеніңізге дәлел болады.

Өз құқығыңызды біліңіз. Кеңес алу үшін Атырау облысы  бойынша Сауда және тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау департаментіне келуіңізгеболады.

Біздің мекен жайымыз: Атырау қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 79. Телефоны: 8 (7122) 52-03-91.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT