-Бұл бағытта 202 га жер теліміне жасалған егжейтегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, қазіргі уақытта су желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ал газ желісінің құрылысы үшін алдағы жылға қаржы сұратылды. Электр желісі мен автомобиль жолдарының жобасы жасақталуда. Бұл аймақ инженерлік-инфрақұрылыммен толық қамтылғаннан кейін азаматтарға табысталады. Жер кезегіне кент, ауылдық округ әкімдерімен жиі сараптама жүргізіледі. 2021 жылдан бері бөлімде Интегро ақпараттықталдау жүйесі бар, сол жүйеге кезекке тұрған азаматты енгізіп отырамыз. Азаматтар өз кезегін zher.atyrau.gov.kz сайтынан біле алады. -Кәсіпкерлік мақсаттағы жер алуға ұсыныстың бәрін толық қанағаттандырып отырсыздар ма? -Заңнамаға сәйкес, кәсіпкерлік мақсатта жер телімдерін табыстау жөнінде аукцион электронды түрде өткізіледі және аукцион өткізу талаптарына сай, жеңімпаз электронды түрде анықталады, яғни біз анықтамаймыз. Сондықтан ұсыныс бойынша кәсіпкерлік мақсатта жер телімдерін елдімекен ішінде елдімекеннің бас жоспарына сай, елдімекеннен тыс жерлерден бос жер телімдерін аукционға шығару үшін құжаттарын жасақтаймыз, аукционға шығарамыз. Әрмен қарай жеңімпаз электронды түрде анықталады. Аукционға gosreestr.kz сайты арқылы қатыса алады. 2020 жылы 5 аукцион өткізіліп, нәтижесінде 68,091 гектар 19 жер учаскесінің жалға алу құқығы аукцион жеңімпаздарына 20709,36 мың тг. –ге болса, биыл 4 аукцион өткізіліп, 32,0640 га 12 жер учаскесінің жалға алу құқығы аукцион жеңімпаздарына 9 282,207 мың теңгеге сатылып берілді.
С.БАЗАРБАЕВ