Төнген дертпен түгел күресуіміз қажет

Бүгінде еліміз төтенше жағдай құрсауында. Ел басына күн туған мезгілді Бөдене ауыл жұрты қалай өткеріп жатыр? Бұл сауалымызға округ әкімі Жанболат Самиғоллаұлы жауап берді.

- Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеу жариялап, сын сағатта сабырлы болуға шақырып, өтпелі кезеңнен аман-есен өтетінімізге сендірді. Оны ауыл тұрғындары да қолдап, қиналған сәтте дабыра жасамай, қайта біріге қарекет қылудың қамын ойластыруда. Төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб жұмыс жасап жатыр. Онда облыстық Бас санитар дәрігердің қаулысы негізге алынып, үгіт-насихат жұмыстары, талапқа бағынбағандарға тиісті шара қолдану қолға алынуда. Қатаң тәртіп болмаса ауруды асқындырып алуымыз әбден мүмкін ғой.

Қазірдің өзінде жағдай мәз емес. Сондықтан да төнген дертпен түгел күресуіміз қажет. Мәселен, осы дерт дендей бастаған сәтте дәріханалардағы медициналық бетперделердің бағасы күрт қымбаттап кеткені шындық. Осы сәтте ауыл тұрғындарына «Балбөбек» балабақшасы-60, «Бөдене-Мәдениет» мекемесінің қызметкерлері 400-ге жуық, ал ерікті Г.Әбілхасова 200 медициналық бетперделерді тегін таратты. Сондай-ақ ауылдың жаны жомарт азаматтары да көп балалы, аз қамтылған жанұяларға азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен көмектесті. Тіпті ауылдың ерікті жастары да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» осындай сәтте жалғызбасты аналардың үйлерінің шатырын ауыстырып берді. Ол да ауыл тұрғындарының жұдырықтай жұмыла бірлескен жұмысының көрінісі. Бүгінгі таңда ауылда 1523 адам тұрса, мектеп жасына дейін – 236, оқушы – 269, зейнеткер – 145, мүгедек – 66, экономикалық белсенді топқа жататын – 786 адам бар.

Олардың денсаулығын сақтау мақсатында амбулаторияда 6 медбике және 2 орындық күндізгі бөлім жұмыс жасайды. Халықты флюрографиядан өткізу жоспары 99,3 пайызға орындалды. Пандемияға қарамастан санитарлық талаптарды ескере отырып, ақ халатты абзал жандар тұрғындардың денсаулықтарын ұдайы қадағалап отыр. Дәрі де, маман да жеткілікті. Автөкөліктері бар. Тек, қазір індетке байланысты немесе ауру-сырқауы бар үлкен кісілер, кезекте тұрғандарға күнделікті емдерін жүргізуде қызметкерлердің үлгере алмай жатырғаны шындық. Соған тұрғындарды барынша түсіністікпен қарауға шақырамын.

Соңғы жылдары сәбилеріміз аман-есен өсіп келе жатыр. Дегенмен ауылда бірбірден бруцеллез, туберкуллезбен ауырғандар бар.

 

"Дендер"-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика