Тікелей эфирде термеші

Қандай қиын жағдай болса да өнер адамдары қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы өз өнерлерін көпке паш етіп жүр. Солардың бірі термеші Еркін Әубәкіров.

Ол «Қазақстан-Атырау» телеарнасы ұйымдастырған «Сазды сәлем» бағдарламасына қатысып көрерменмен онлайн кездесу өткізді. Көрермен тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қазақтың қоңыр домбырасымен өсиет пен нақылға толы бабалар термесін әуелеткен. Термеші тікелей эфир арқылы Ғарифолла Құрманғалиевтың «Қаламқас», Мекес Төрешовтың «Ақжамал», халық әні «Ақ Сұңқар» Маңғыстау өңірінің репертуарынан Жетіқайқының «Дауылпаз» және «Әділдің қара өлеңін» орындап берген.

-Бұл жүздесу мен үшін үлкен демеу болды. Өзімді бабымда ұстап, ұдайы дайындықта болғаныммен халықпен жүздесудің жолы бір бөлек ғой. Қазіргі жағдайға қарамастан онлайн режим болса да көппен жүздесуге мүмкіндік жасаған телеарна ұжымына, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерін білдірген көрерменге ризашылығым шексіз,-дейді өнерпаз өз сөзінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521