ҚҰТҚАРУ БЕКЕТІ ҚАҢЫРАП ҚАЛДЫ

Тәуелсіздіктің елең-алаңындағы қиыншақтада ауданда суда құтқару бекеті жұмыс жас аған еді.

Ал соңғы жылдары оның жақсы жарақтандырылғанына куә болған едік. Жағада арнайы жасақталған кеңсесі орналасып, қызметкерлері облыс орталығында суда құтқару курстарынан тұрақты өтіп тұрды. Арнаулы киімдерімен, қызметтік куәліктерімен қамтылды. Бақандай 2 дана моторлы қайық, арнайы сүңгуір киімдері, қауіпсіздік кеудешелері, құтқарушы шығыршықтары, дауыс күшейткіші болатын. Бірақ бекеттің қазіргі орны қаңырап тұр. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Абдуллин оңтайландыруға байланысты облыстағы басшылық тарапынан бекетті қысқартқанын, бірақ жазғы маусымға байланысты облыстан арнайы бір құтқарушы маманды үрмелі қайығы және барлық жабдығымен алдыртып отырғанын атап өтті. Яғни бұған дейін судан құтқару бекеті бастығы болған жергілікті азамат Абзал Естаев қазір а данда судан құтқарушылық жұмысты маусымдық кезеңде ғана жалғастырып отыр екен.

-Сүңгуір киімнен басқа дан құтқаруға барлық құрал-жабдығым бар. Бетін арықылсын, егер суға кеткен кісі болса, сүңгуір мамандарын облыстан алдырамыз, - дейді А.Естаев.

 

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521