Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс

С.Сейфуллин атындағы орта мектепте халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Оқушылардың сыбайлас жемқорлық бағытындағы сауатын арттыру негізінде 9 «а» сынып жетекшісі С.Қазмұқашева «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбындағы сынып сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайы жөнінде түсінік қалыптастыру болып табылады.

Сондай-ақ, сынып сағаты оқушылардың зейінін шоғырландыруда «Алақан жылуы» тренингімен басталып, олардың қызығушылықтарын оятуда видеоролик көрумен жалғасты. Осы негізде оқушыларға ой тастау сұрақтары қойылып, пікірлері тыңдалынып, балалардың шығармашылық тапсырма орындауымен жалғасып, кері байланыс алуымен мұғалім шараны сәтті аяқтады. Тәрбие әуелі отбасынан кейін мектептен басталады десек, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры өзіміздің қолымызда болып тұр.

Майя ЖАҚСЫМБЕТОВА,

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 8 «а» сынып жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT