Судан құтқарып қалды

«Суға кетіп бара жатқан баланы құтқарып қалды. Жанкешті жігіттің бейбіт күндегі ерлігі еленбей қалмаса екен», - деп редакцияға телефон шалды кент тұрғыны Руслан Дүйсебалиев.

Оқиға барысын Еркін Демеуовтің өзінен сұрадық. Ол демалыс күні автокөлігімен тоғай ішіне малын іздеуге шығады. Жол бойынан «суға кетті, құтқарыңдар» деген әйел адамның жанұшырған ащы дауысына тоқтайды. Жағаға жеткенде Жайықтың ортасынан суда батып-шығып бара жатқан адамды көзі шалады. Өзеннің қатты ағысынан ығып барады екен. Жалма-жан киімін шешіп тастап, судың салқындығына қарамай құтқаруға жүзіп кетеді. Сол арада тағы бір жас жігіт те көмекке келіп, екеулеп жағаға шығарып алады.

-Жігіт болып қалған бала екен, есінен танып қалыпты. Сол арада дереу алғашқы көмек жасап, ішін басып құстырған соң өз-өзіне келе бастады. Жағада шомылып жүрген, музыка қосып демалып жүрген басқа да адамдар бар екен. Құтқарып алған баланың амандығына көзімді жеткізген соң өзімнің шаруаммен кете бардым, - дейді ол.

Адамның өмірі үшін көмекке ұмтылған бейбіт күннің батыр жігіті бұл Еркін Демеуов М.Әуезов атындағы орта мектепте дәне тәрбиесі пәні мұғалімі болып еңбек етеді. Ал аман қалған баланың есімін өз өтініші бойынша жазбадық.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521