Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың төрағалығымен көктемгі су тасқынына дайындықты пысықтау мақсатында кезекті штаб отырысы өтті.
Жиында елді мекендерді су басу қауіптілігі және оны алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды.
Штаб отырысында аудан әкімі су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті мекемелерге бірқатар тапсырма берді.
Ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр.
Айта кету керек, су тасқынының алдын алу мақсатында штаб құрамымен кезекшілік ұйымдастырылуда.
Ахуал бақылауда.